Өскемен
ясно
-12°
  • Өскемен
    -12°
  • Алматы
    +1°
  • Астана
    -3°
  • Ақтөбе
    -3°
  • Актау
    +8°
  • Орал
    -2°
  • Қарағанды
    -4°
  • Көкшетау
    -6°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +2°
  • Павлодар
    -11°
  • Петропавловск
    -10°
  • Тараз
    +1°
  • Туркестан
    -3°
  • Шымкент
    +8°
$
498.51
+0.17
522.84
+3.12
¥
68.81
+0.02
4.81
-0.04
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО Екатерина Рыльская
Ақпарат көзі:
Устинка

Мектеп формасын кимегендерге айыппұл салынады

Ата-аналар баласының мектепке формасын киіп бармағаны үшін айыппұл салуға құқылы екендігімен келіспейді

Оқушы мектеп формасын кимегені үшін оның ата-анасы 10 АЕК (22 690 теңге) көлемінде айыппұл төлеуге міндетті. Өскемен қаласынің білім бөлімі мәлімдегендей міндетті мектеп формасын кию туралы талапты ҚР Білім және ғылым министрлігі өткен жылдың қаңтар айында бекіткен болатын. Алайда ата-аналар бұл талаппен әлі күнге дейін келіспей келеді. - Әр адам сөз, іс-әрекет бостандығына құқылы. Әсіресе не киіп жүретіндігін әр кім өзі біледі, - деп жазды ата-аналар «ВКонтакте» әлеуметтік желісінде. – Мектеп сынды оқу мекемелері оқушыны мектеп формасын кимегені үшін оқудан шеттете алмайды. Білім бөлімі мамандары мектеп формасын киіп жүру балаларда әлеуметтік, таптық және өзге де айырмашылықтарды болдырмау үшін қажет. Оның үстіне айыппұл салмай тұрып, мектеп әкімшілігі ата-аналарға жағдайды түзеу үшін ескерту жасайды. - Бізде үнемі түсіндіру жұмыстары жүргізіліп отырады. Оқушылар мен ата-аналарға бұл әрекет заңды екенін түсіндіреміз. Әзірге шектен шығып, айыппұл төлеуге дейін барған жағдайлар болған жоқ, - дейді №37 мектеп директоры Инна Грачева. Егер ата-аналар да, балалар да тәртіпке бағынбайтын болса, бірнеше ескерту де ескерілмесе, мектеп тәртіптік комиссия құруға мәжбүр. Ал бұл үшін айыппұлды ШҚО бойынша Білім саласын бақылау департаментінің басшысы салады.
Следующая →