Өскемен трамвай паркі алты миллионға шығындалды
Парктің осындай үлкен шығынға батуына қалаға жауған қалың қар себеп болды
Бірнеше күн нормадан тыс жауған қар трамвай жолдарын жауып, екі рет трамвай қозғалысы тоқтатылған. Сондықтан трамвай паркі пайдадан қағылып, басқа шығынға батты.
- Осы алты миллионның ішіне тұрып қалған күндердегі түсімнен бөлек, арнайы техниканы жалға алу құны да бар. Өйткені трамвай рельстерін өз қалтамыздан тазарттық. Одан өзге, соңғы күндері трамвайдың қатысуымен бес ЖКО орын алып, екі вагонға зақым келді. Бұл да шығын, - дейді трамвай паркінің директоры Анатолий Успенский.
Оның айтуынша бес жағдайда да трамвайдың кінәсі жоқ. Вагондарды жөндеуге кететін қаржының қандай да бір бөлігін сақтандыру жабуы мүмкін деп үміттенеді директор.
Следующая →