Ертістің сол жағалауындағы «Нұрлы Жол» саябағында қыстың суығында ағаш отырғызу басталды
Мамандар мұндай технологияны тиімді деп санайды және нәтижесі көктемде көрінетініне сенімді
Қаланың сол жағалауында демалуға арналған жаңа орынды ашуға қала әкімдігі бастамалық етсе, ШҚО тағбиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы қысы-жазы жасыл ағаштарды ұсынып отыр.
- Қыс мезгілінде ағаш отырғызу жаңалық емес. Бірақ Өскеменде мұндай бастама кең көлемде бірінші рет жасалмақ. Оның өзіндік артықшылығы бар. Өйткені тек осылай көлемі биік ағаштарды отырғызып, олардың өсуін тосу қажет емес, - деп хабарлады Өскемен қаласының экологиялық қауіпсіздік орталығында.
Жыл соңына дейін 7 гектар жерді алатын облыстық драма театрындың аумағына 500 қылқанды ағаш отырғызу жоспарланған. Ал жапырақты ағаштардың ішінен қайың, шетен, қызыл бүрген, жөке егіледі.
- Бүгінгі таңда біз 168 қылқанды ағаш пен 150 жапырақты ағаш отырғыздық. Қылқан жапырақты ағаштардың астына 2 шаршылы ор қасып, үстінен көн себудеміз. Сонымен қатар гидрогель қосып отырмыз. ол көліктерді қажетті ылғалмен қамтамасыз етеді. Негізгі шығын ағаштардың тасымалына жұмсалып отыр. Бірақ тұрғындар оның қызығын көктемде көреді деген сенімдеміз, - деді ШҚО тағбиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы басшысының орынбасары Виталий Чернецкий.
Жұмсалған қаржының далаға шашылмауы үшін мамандарға тиянақты еңбек ету керек. Өйткені әр ағашқа тыңғылықты күтім қажет болады.
- Қысқы ағаштарды отырғызу кәсібилікті қажет етеді.Егер оның әдісін дұрыс қадағаламаса, ағаштар солып қалуы мүмкін. Қазіргі уақытта қатты аяздарға байланысты ағаштарды отырғызу тоқтатылды.Күн сәл жылығаннан кейін қайта жалғастырамыз, - деді Виталий Чернецкий.
Мамандардың айтуынша, бұл отырғызулардың нәтижесі мамыр айында белгілі болады.