Даниал Ахметов: «Біз тек тиімді шаруақожалықтарды қаржыландырамыз»
Аймақ басшысы Шығыс Қазақстан облысындағы ауылшаруаларын қолдау әдісін түбегейлі өзгертуді ұсынды
Ауылшаруашылығы қызметкерлерінің мерекесіне орай ұйымдастырылған жиын барысында аудан және қала әкімдерінің баяндамаларын тыңдаған аймақ басшысы, өзгелерден нәтижелі жұмыс істеген шаруа қожалық иелерін субсидиялау арқылы және қаржылай марапаттауды ұсынды, деп хабарлайды Устинка Live.
- Біз тек тиімді шаруқожалықтарды сусидиялайтын боламыз! Мемлекеттік бағдарламада көрсетілгендей жердің көлеміне қарай субсидиялауды қою керек. Өйткені мемлекеттік бағдарламаның мұндай бағыты тиімді және тиімсіз шаруаларды бір деңгейге қояды. Ал біз әр гектар жерден жақсы өнім алатындарды қолдауымыз керек. Қазіргі уақытта біз барлығына көз жұма қарап отырмыз. 10 гектарды субсидиялаймыз, бірақ оның өнімі неге аз деп, неге ол жаңа көн мен техниканы пайдаланбайтынын сұрамаймыз. Ал сусидияны өз шаруашылығын дамытып отырғандар тең дәрежеде алады, - деді Даниал Ахметов.
Бірақ соған қарамастан аймақ басшысы ауылшаруашылығына қолдаудың қажет екенін, мұндай маңызды салада қызмет етушілерді ынталандыру қажет екендігін айтты.
- Субсидиялар бөлінеді. Бірақ оны өңіріміздің дамуына үлесі тиіп отырған шаруалар алады. Біз қазетті құжаттарды дайындап қойдық. Мысалы, жақсы сүт сауда фермасын ашқан болса, ол тапсырған сүтінің литріне 25 теңге емес одан көбірек алады. Яғни, егер 5 мың литр сүт сауып тапсырса, 30 теңгеден литрін сата алады, ал егер 6 мың литр сауса, 45 теңгеден сата алады. Сол кезде ынталану деген болады, - деп қосты әкім.