Жүргізуші жолаушыны сабап тастай жаздады
Зардап шегушінің сөзінше, автобус жүргізушісі міндетті «Ровесник» аялдамасына тоқтаудан бас тартқан
Оқиға 23 қазан күні сағат 20.00-дер шамасында орын алған. Зардап шеккен әйелдің ұлының сөзіне сүйенсек, №17 бағыттағы автобус жүргізушісі аялдамадан тоқтамай, өтіп кеткен. Жүргізуші өзінің бұл әрекетін кестеден қалып бара жатқандығымен түсіндірген.
- Жүргізуші келесе аялдамадан түсесің деп анама жекіп тастаған. Ал анам болса, автобус паркінің басшылығына шағымданатындығын айтып, түсіп кеткен. Ал жүргізуші анамның сөзіне ашуланып, түсіп кеткен анамның арқасынан келіп тепкен, - дейді зардап шегушінің ұлы Азамат Бамұханов.
Оқиға орын алғаннан кейін зардап шегуші полиция бөліміне арыз жазған. Ал жүргізуші болса, полиция бөлімшесіне мас күйінде келіп, өзіне тағылған айыпты мойындамаған.
Аталмыш бағыттың автобус паркіндегілер өздеріне ешқандай арыздың түспегенін айтса, полиция бөлімшесіндегілер арызды растап отыр.
Қазіргі таңда жас жігіт сол оқиға куәгерлерін іздеп, қатыгез жүргізушінің осы әрекетіне қатысты тиісті шараларды қолдану үшін 8-778-492-71-01 нөміріне хабарласуларын сұрайды.
Следующая →