Семей тұрғыны қызын суға батырып жіберді
22 жасар ана өз баласын өзенге батырып жіберді. Бір жарым жасар қызды құтқарушылар іздестіруде
КТК телеарнасы хабарлағандай, барлығы түнгі үш кезінде орын алған. Күйеуімен болған ұрсыстан кейін, өмірімен қош айтыспақ болған. Бірақ Ертіске жалғыз аттанбаған, бір жарым жастағы қызын ертіп барған. Ең алдымен суға баласын лақтырған, кейін өзі суға батуды ойлаған. Бірақ соңғы сәтте ойынан айнып қалған. Баланы өлтіргені үшін қылмыстық іс қозғалып, 10 жылға сотталуы мүмкін. Құтқарушылардың болжамы бойынша, батып кеткен баланың денесін табу оңай емес.
Ринат Бабаджанов, құтқарушы:
- Сүңгуірлер оқиға орнынан ағын бойымен 400 метр жерге дейін барып көрді, нәтиже жлқ. Кішкентай бала бір жарым жаста, ағын күшті, алысқа ағызып кеткен болар.
Следующая →