Өскеменде"Altai Invest-2016 инвестициялық форум өтті
Бизнес басшылары мен әлеуетті инвесторлар форумына әлемнің 14 елінен келген 300-ден астам делегаты жиналды
Кездесуге келген Қытай, Америка Құрама Штаттары, Италия, Испания, Польша, Ресей, Тәжікстан инвесторлары, мүдделі елдердің әріптестік мүмкіндіктерін өзара талқылап, меншікті қаражаты аясында бизнес-құрылымды ары қарай дамыту жайында ой алмасты. Форум аясында әлеуетті серіктестерге 927 миллиард теңге қаржы көлеміндегі 84 жоба ұсынылды. Ондағы мемлекеттік жобалардың болашақ салалары негізіне туризм, энергетика, агроөнеркәсіп салалары мен жеке меншік мемлекеттік әріптестікті дамыту болып табылады.
-Бұл форум біздің облыс үшін үлкен маңызға ие, өйткені біз қазіргі таңда заманауи экономикалар мен жаңа идеялар құрып, инновациялар мен инвестицияларға басты назар аударудамыз. Біз барлық инвесторларға көмек қолымызды созып және өзара ынтымақтастыққа шақырамыз, - деді Шығыс Қазақстан облысының басшысы Даниал Ахметов.
Қытай өкілдерінің тарапынан сөйлеген қатысушы, кез-келген салада екі мемлекеттің бизнес-әріптестіктерінің ынытмақтасуына ықпал етіп, барлық байланыстарды нығайтуға дайын екендерін айтты.
- Біз бұл маңызды форумды пайдалана отырып өзара тәжірибе алмасуымыз қажет. Осы ынтымақтастығымызға байланысты жақсы жетістіктерге жетіп, адамдар соның нәтижесінен ләззат алып ары қарайда даму жолын іздестіре беруіміз керек, - деп Қазақстан Коммунистік партиясының автономиялық аудандық комитетінің Шыңжан-Ұйғыр хатшысының орынбасары Еркінжан Турахун өз құттықтау сөзін білдірді.
Қазақстандағы Еуропалық Қайта құру және Даму Банкінің директоры Джанет Хэкман Қазақстанның негізгі даму жолдары болашақта ұзақ мерзімді ынтымақтастықта болуы туралы небары бес минуттық уақыт көлемінде талқылады.
- Шығыс Қазақстан облыс аймағы үлкен инвестициялық мүмкіндіктерімен байланысты инфрақұрылымдарды және агроөнеркәсіптік бизнесімен қоса тау-кен өндіру өнеркәсібін ұсынады. Бүгінгі күні ЕҚДБ президенті жалпы сомасы 6,5 млрд көлемінде Семей мен Өскемен қалаларындағы сумен жабдықтау және орталықтандырылған жылыту туралы үш келісім беру туралы қол қойды. Бұл әзірленген жобалармен қоса басқа да бірқатар маңызды жобалар ұйымдастырылды, олар арықарай іске асырылатын болады, - дейді Джанет Хэкмен.
Форумның қорытындысы бойынша қатысушылар 9 келісімге қол қойды. Бұл келісімдер мен меморандумдардың жалпы сомасы 218 млрд теңге қаржы жұмсалмақ. Яғни, жүзеге асыруға жоспарланған жобаларды Шығыс Қазақстан облысының экономикасының түрлі салаларындағы жаңа стратегиялық-сатысы бизнестің жоспарлауында енуі болып табылады.