Өскемендік әйелге қызының туғаны туралы дәлелдеуге тура келді
Өзінің кезекті еңбек демалсына шыққан ана мерзімінен бұрын босанып қалады. Ал оның баласын тіркеуден бас тартады
Өскемен қалалық сотында өзінің құрсағынан шыққан баласын тіркей алмаған ананың ісі қаралды. Жүкті кезінде болашақ ана еңбек демалысын алып Украина елінің Черноморск қаласына демалуға аттанады. Сол жерде мерзімінен бұрын босатып қалады. Жергілікті дәрігерлер ана Қазақстан азаматы болғандықтан баланы тіркеуден бас тартты. Ал ана сәйкесінше жаңа турған баласының құжаттарынсыз елден шыға алмайды. Сондықтан ана баласын тастап, Өскемен қаласына баласын құжаттарын дайындауға келеді. Мұндада дәрігерлер жаңа туған баланы тіркеуге алудан бас тартады. Өйткені бала дүниеге келген кезде қажетті толтырылған құжаттар жоқ.
Шарасыз ана өзінің құрсағынан шыққан баланың расымен өзінікі екенін дәлелдеу үшін сотқа арыз жазып, қан тапсырады.
- Өскемен қалалық сотының шешімімен арыз берушінің шағымдары қабылданып, қыздың дүниеге келгені расталды, - деп хабарлайды соттың баспасөз қызметі.
Сот шешімі заңды күшіне еніп, анасы қызын елге қайтарып әкеле алады.
Следующая →