ШҚО-дан жарты тонна балды Ресейге өткізбек болған
Шығысқазақстандықтар бал өнімдерін Шемонайха ауданынан Алтай өңірінің Третьяков ауданына және Томск қаласына өткізбек болған
Ресей ФҚҚ Алтай өңірі бойынша Шекаралық басқармасының қызметкерлері «Михайловка» автомобильдік өткізу пунктінен ветеринарлық ілеспе құжаты жоқ 560 килограмм бал өнімін анықтаған.
ШҚО тұрғындары Бал өнімдерін Первомайский ауылынан жеңіл көлікпен Ресейге өткізбек болған.
Тауар шығатын территорияның аман-саулығын және жүктің ветеринарлы-санитарлық қауіпсіздігін нақтылайтын кедендік одақтың №2 формасындағы сертификаты болмаған соң автокөлік жүргізушілеріне кері қайтуға тура келді.
Следующая →