Өскемендік баскетболшы Игорь Нанаев ісіне қатысты жаңа деректер
Петропавл дәрігерлері аяусыз соққыға жығылған баскетболшының өмірі үшін күресуде. Дәрігерлерлің мәлімдеуінше, оның жағдайы нашар
Жергілікті «Барс» клубының ойыншысы Игорь Нанаев түнгі клубтағы төбелестен кейін комаға түсіп қалған, деп хабарлайды ktk.kz.
Болған жағдайдан кейін Игорьдың туыстары Өскеменнен Петропавлға дереу жеткен.
Полиция қызметкерлері түнгі клубта болған қақтығысқа қатысы бар 21 жасар азаматты ғана ұстаған. Алайда куәгерлердің айтуынша төбелескендер бірнешеу болған.
Игорьды клуб маңындағы көшелердің бірінде соққыға жыққан. Тіпті ол жерге полиция бөлімшесі жақын орналасса да, сол түні полиция қызметкерлері патрульдік тексерісте болған.
Игорь Нанаевтың комаға түскеніне үш күн болған. Ал қасында болған екі досы жеңіл жарақаттанған. Алда жарыс күтіп тұрғандықтан, олар жаттығуларын бастап кеткен.
23 жасар жігіттің ата-анасы жоқ. Жазда сүйіктісіне ұсыныс жасап, үйленуге бел буған. Дәрігерлердің суық болжамына қарамастан, қалыңдығы үмітін үзбеген.
Следующая →