Қала әкімдігінде дизельді жанар-жағармай бағасы литріне 165 теңге болғанын нақтыламады
Әкім орынбасарының айтуынша, аталмыш жанармайдың орташа бағасы алты теңгеге өскені биліктің жанар-жағар майдың бағасын реттемейтіндігінде
Өскеменнің кейбір ЖҚС-нан жекелеп алуға болмайтын дизельді жанармай тапшылығы оның қымбаттауымен сәйкес келді. 115 теңгеден ең кем дегені 121 теңгеге дейін, ал кейбір жерлерде 165 теңгеден сатылуда. Алайда, ең жоғарғы бағаны қатардағы жүргізушілер ғана мойындап отыр. Жүргізушілердің айтуынша, бағаның өсімін жанар-жағармай тапшылығынан көріп отыр. – Дизельді жанармай бағасы өсті, бірақ айтарлықтай емес, орташа есеппен 6 теңгеге, - дейді Өскемен қаласы әкімінің орынбасары Арман Ысқақов. – Бұл жанармай саудасындағы жағдайға байланысты емес, бағалауды реттеудің жоқтығынан. Литріне 165 теңге деген баға қаламызда тіркелмеді. 140-149 теңгеге көтерілгені байқалған, қазір мұнымен жұмыстар атқарып жүрміз, бірақ біздің жағдайымызда бұл нақтыланбайды.
Следующая →