Өскемен
ясно
+9°
  • Өскемен
    +9°
  • Алматы
    +19°
  • Астана
    +14°
  • Ақтөбе
    +24°
  • Актау
    +19°
  • Орал
    +22°
  • Қарағанды
    +14°
  • Көкшетау
    +10°
  • Қостанай
    +19°
  • Қызылорда
    +26°
  • Павлодар
    +6°
  • Петропавловск
    +8°
  • Тараз
    +17°
  • Туркестан
    +19°
  • Шымкент
    +20°
$
444.32
-1.34
473.33
-1.25
¥
61.31
-0.22
4.76
-0.02
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО Екатерина Рыльская
Ақпарат көзі:
Устинка

Көлікті тіркеу үрдісі жеңілдетілді

Енді автокөлікті иесінің тұрғылықты мекенжайына қарамастан тіркеуге болады

Көлік жүргізушілері үшін жағымды жаңалық.  26 қыркүйектен бастап елімізде көлікті тіркеудің жаңа ережесі енгізілді. Яғни, шетелден әкелінген көліктерді қай қаладан сатылып алынса, сол қалада тіркеуге алынады. Бұл жағымды жаңалықпен ҚР Ішкі істер министрлігі Әкімшілік полиция комитетінің баспасөз хатшысы Ирина Лукьянина өзінің Фейсбуктегі парақшасы арқылы бөлісті.

- Қай елдімекеннің болмасын арнайы ХҚКО-да немесе әкімшілік полицияның облыстық тіркеу пунктінде кез келген өңірдің көлігін иесінің тіркелген мекенжайына қарамастан қайта тіркеуге қоюға болады. Мұндай тіркеу Қазақстанда тұрақты тіркеуде тұрған жеке және заңды тұлғаларға қолжетімді, - дейді  Ирина Лукьянина.

Енді қалааралық транзиттік нөмірлер болмайды. Қай қалада тіркеуде тұрсаңыз, сол қаланың нөмінін еліміздің кез келген бөлігінде рәсімдей аласыз.

- Мәселен, егер сіз Павлодарда тіркелсеңіз, бірақ, көлікті Алматыда сатып алсаңыз, онда транзиттік нөмірді рәсімдеудің қажеті жоқ. Өйткені, сіз оны оңтүстік астанада бірден тіркей аласыз. Бұл бір жерде тіркелгенімен басқа жерде жұмыс істейтіндерге де ыңғайлы. Яғни, машина сатып алғаннан кейін оны тіркеу үшін тұрақты тіркелген мекенжайға барудың қажеті жоқ, - деп толықтырды комитеттің баспасөз хатшысы.

Айта кету керек, көлікті рәсімдеу үрдісі өзгерсе де, оның ақысы сол қалпы 9 мың теңге көлемінде қалды.

Ақерке Рағызбаева
Следующая →