Зырян әкімінің міндетін атқарушынға Зырян аудандық соты 636 мың теңгеге айыппұл салды
Зырян ауданының прокуратурасы Зырян ауданы әкімінің міндетін атқарған мемлекеттік қызметшінің жұмысында бұзушылықты анықтады
Шенеунік заңды бұзып, жергілікті «Зырян Тәртіп» кәсіпорнымен ірі көлемдегі жөндеу жұмыстарын жасау үшін келісімшарт жасаған. Ал, аталған ұйымның жарғысына сәйкес олар көшелерді жөндеуге құқығы болмаған.
Зырян ауданы әкімінің міндетін атқарушы С. 2016 жылдың мамыр айында қаланың көшелерін жөндеуімен айналысатын «Зырян Тәртіп» ЖШС-мен келісімшарт жасаған. Келісім бойынша ұйым қаладағы Зыряновская және Советская көшелерін 20 млн. астам теңгеге жөндеуге міндеттелген. Жұмыстарды жүргізу үшін конкурс жарияланбай, келісім тек әкімдік пен кәсіпорын арасында жасалған.
Жұмыстар аяқталған соң, Зырян ауданының әкімдігі заңды бұзғаны анықталды.
-«Зырян Тәртіп» ЖШС-нің жарғысына сәйкес, олар жолдардың жөндеуімен емес, тек қана қаланың автомобиль жолдарын күтіп ұстауы тиіс болған, - деді аудан прокуратурасында. Жарғыда көрсетілмеген жұмыстарды орындауға тыйым салынады. Яғни, келісім бойынша осындай жұмыстарды орынщдау құқығы болмаған. Осымен қатар, Зырян ауданында жолдардың жөндеуін жүргізетін кәсіпорындар бар, – олар «Плюс» ЖШС, «Зырян МостДорСтрой» ЖШС. Алайда, олардың конкурсқа қатысу мүмкіндіктері болмаған. Зырян ауданы әкімінің міндетін атқарушы С. осы тектес ұйымдардың болуына қарамастан, жолдардың ағымдағы жөндеуі бойынша келісімді заңсыз жасап, басқа ұйымдардың тапсырысты орындауына мүмкіндік бермеген.
Қадағалау органы Зырян ауданы әкімінің міндетін орындаушы С. қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 163 бабы, 1 бөлігі бойынша жергілікті мемлекеттік органдарының конкурсқа қарсы әрекеттері үшін әкімшілік іс қозғап, оған 300 АЕК түрінде (636 300 теңге) айыппұл салды. (636 300 теңге).
Следующая →

Тақырыптар:
Незаконные действия властей