Өскеменде Құрбан айт қалай аталып өтеді
Мұсылмандар мейрамының ішіндегі ең маңыздыларының бірі 12-14 қыркүекке келіп тұр, ал оның бірінші күні барлық қазақстандықтарға демалыс күні болады
Алла тағала үшін Құрбандық шалу күнін діндар мұсылмандар таң сәріде бастайды. Таңертең діншіл қауым Халифа Алтай облыстық мешітінде 7:00-де басталатын Айт Намазына жиналады. Таңғы мәніжатқа кіріспес бұрын таза, ұқыпты киіммен жуыну салтын орындау керек.
Құрбандық шалу рәсімі Шығыс ауылында таңғы 8:00 кезінде басталады. Құрбандыққа салатын қой-қозы да сонда сатылады. Санитарлы талаптарды орындау үшін малды арнай оқыған адамдар сояды, сондықтан салт-жораға қатысам деушілердің барлығы құрбандық малына кез-келген жақтан жақындай алады. Дайындалған етпен достарын, көршілерін және жағдайы төмен қала тұрғындарын тамақтандырады.
Адам жанының жоғары құндылықтарын бейнелейтін және исламның өнегелі жақтарын көрсететін мейрамды облыстық мешіт алаңында өтетін концерт, жәрмеңке және спорттық сайыстар түрлендіреді.