Қазан айында ШҚО театрының орыс трупасы жаңа маусымын ашады
Мельпомена ордасы 23 қазан күні есігін айқара ашады. Бұл күні көрермендерді «Ессіз күндер немесе Фигароның үйленуі» спектаклінің алғашқы қойылымы өтеді
Қойылым режиссері –Татьяна Баева.
Жаңа театр маусымының басталуына орай балаларды да жаңа қойылым күтеді. А. С. Пушкиннің «Поп және оның жұмысшысы Балда» ертегісінің желісі бойынша қойылым жоспарлануда. Оның режиссері Сергей Астраханцев. Айтпақтай, қыркүйек айында облыстық театрдың қабырғасында республикалық жастар театрының фестивалі өтсе, 10 қазан күні орыс актерлерінің труппасы А. Цагарелидің «Хануманың қылықтары» (режиссері – Татьяна Баева) спектаклімен Петропавл қаласында өнер көрсетеді. Бұл оқиғалар Шығыс Қазақстанның Солтүстік Қазақстандағы Мәдениет күндері шеңберінде өтеді. Маусымның толыққанды театр репертуарлар кестесін кейінірек жариялаймыз.