12 мың семейлік салық пен әлеуметтік төлемдерді төлемей келеді
Жергілікті билік өкілдері өз-өздерін жұмыспен қамтып отырған тұрғындар зейнетақы ала алмай қалады деп қорқуда
Семей қаласында 47 мың адам жұмысқа заңсыз орналасқан. Олардың үштен бір бөлігі базарларда сауда жасап, әлеуметтік және салық төлемдерін жасамай отыр. Жергілікті билікті тек қазынаға түсетін қаражат қана емес, зейнет жасына жеткен саудагерлердің зейнетақысыз қалатыны алаңдатады. Бұл дегеніміз кедей қариялардың санының артуы.
- Бұл тұрғындарда салықтан бөлек, медициналық сақтандыру бағытында бар. Олардың бәрін төлеп отыру керек. Сондықтан біз арнайы картатека құрып, әр адаммен келісу жұмыстарын жүргіземіз.
Айта кету керек, Семей қаласында жұмыссыздардың саны өзгерген жоқ. Тіпті 5 жұмыссызға дейін артты.