Облыс орталығында қарақұмық жармасының бағасы жоғарылап кетті
Қарақұмықтың келісі дүкен сөрелерінде 400, тіпті 450 теңгеден тұр. Жақында ғана оның бағасы екі есе арзан еді
Қалалық кәсіпкерлер бөлімі бағаның бұлай самғауының себебін түсіндіре алмай отыр. Жарманың бағасын жеткізушілер көтеріп жіберуінің мүмкіндігін жеткізді мекеме басшысы Қымбат Ақажанова.
Айта кетсек, қарақұмық бағасы бірінші мәрте қымбаттап отырған жоқ. Сәуір айында наурыздағымен салыстырғанда 5%-ға көтерілген болатын.
Алдағы уақытта ас атасы – нан бағасы да көтерілмек.
* Әзірге бағаны өсірген жоқпыз. Дегенмен, бірінші сұрыпты ұнның келісі 70 теңгеден 76 теңгеге дейін көтерілді, - дейді наубайхана директоры Галина Межебицкая. – Күнбағыс майының бағасы да көтерілген. Енді оның литрі 220 теңге емес, 340 теңге. Егер баға осылай көтеріле берсе, нан бағасын да қымбаттатуға тура келеді.
Наубайханадағылар жанармай бағасының шығыны да ұлғайғанын айтады. Су, жарық және жылу бағасының шарықтауының ауылы да алыс емес.