Өскемен
Қалың бұлтты
+6°
  • Өскемен
    +6°
  • Семей
    +13°
  • Алматы
    +19°
  • Риддер
    +11°
  • Астана
    +16°
  • Ақтөбе
    +8°
  • Ақтау
    +13°
  • Атырау
    +14°
  • Қарағанды
    +17°
  • Көкшетау
    +12°
  • Қостанай
    +9°
  • Қызылорда
    +17°
  • Павлодар
    +14°
  • Петропавловск
    +11°
  • Тараз
    +16°
  • Түркістан
    +19°
  • Орал
    +11°
  • Шымкент
    +17°
$
466.33
-4.13
538.47
-4.63
¥
67.76
-0.62
5.9
+0.04
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

ШҚО полицейлері инсульт алған азаматты шұғыл ауруханаға жеткізді

"Өскемен – Риддер" тас жолы бойында келе жатқан көлік жолаушысының денсаулығы күрт нашарлап, инсульт белгілері байқалған

Усть-Каменогорск и ВКО / ШҚО полицейлері инсульт алған азаматты шұғыл ауруханаға жеткізді
Фото:
Устинка LIVE

Көлік жүргізушісі патрульдік полиция батальонының экипажынан көмек сұраған, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.

"Өскемен – Риддер" тас жолының 90-шы шақырымында қызмет атқару кезінде патрульдік полиция батальонының экипажы — полиция аға лейтенанттары Олегұлы Азамат пен Шаяхметов Әлішер жол жиегіне тоқтаған автокөлікті байқаған. Көлік жүргізушісі салонда 1988 жылы туған азаматтың жағдайы нашарлап, инсульт белгілері бар деп полицейлерден көмек сұраған, - деп мәлімеді ШҚО ПД баспасөз қызметі. - Тәртіп сақшылары науқас отырған көлікке ілесіп жүрген, бірақ жолда ол көлік бұзылып, келесі нарядты шақыртуға тура келген.

Полицейлер ақпаратты дереу жақын маңдағы келесі нарядқа — құрамында полиция аға лейтенанттары Асылбек Базылбеков пен Әлішер Ачилов бар ПА-466 экипажына хабарлаған.

Оқиға орнына жеткен екінші экипаж науқасты қызметтік автокөлікке отырғызып, барынша жылдам әрі қауіпсіздікті сақтай отырып, медициналық мекемеге жеткізді.

Екі экипаждың үйлесімді іс-қимылының арқасында азамат Өскемен қаласындағы №1 қалалық ауруханаға уақытылы жеткізіліп, оған қажетті медициналық көмек көрсетілді.

ШҚО Полиция департаменті жолда тосын жағдайлар орын алғанда дереу жақын маңдағы полиция экипажына немесе 102 телефонына хабарлау керектігі туралы еске салады.

Следующая →
Біздің Telegram арнамыздағы ең маңызды нәрселер
Тақырыптар: ШҚО ПД Науқасты емханаға жеткізді