Өскеменде төрт жерде ауылшаруашылық жәрмеңкесі өтеді
Ертең, 4 сәуір күні, қаланың бірнеше шағын ауданында жәрмеңке ұйымдастырылады

Фото:
pexels
Жәрмеңке таңғы 08.00-ден 14.00-ге дейін жалғасады, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
Жәрмеңке орындары:
- "Алтай" КТО (Жібек жолы көшесі, 44)
- "Дос Нар" СҮ (Виноградов көшесі, 17а)
- "Керуен" СҮ (Оралхан Бөкей көшесі, 3)
- Защита ауданы, "Теміржолшылар" саябағы (Тынышпаев көшесі, 122)
Жәрмеңкеде ауыл шаруашылығы өнімдерінің кең ассортименті ұсынылады: ет (сиыр, жылқы, қой, шошқа еті), шұжық және сүт өнімдері, нан-тоқаш өнімдері, бал және т.б.