ШҚО-да жер үй секторында өрт жиі шығады
Жылыту маусымы басталғалы жер үйлерде 287 өрт тіркелді, бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 11%-ға артық

ШҚО ТЖД ақпаратына сүйенсек, өрт салдарынан 21 адам қаза тауып (5%-ға өскен), 21 адам жарақат алды, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
Қайғылы жағдайларға өрт қауіпсіздігі талаптарының қарапайым ережелерін сақтамау себеп.Өрт жиілегенімен, өңірде профилактикалық жұмыстар барынша кең көлемде жүргізілуде. Айта кету керек, тұрғын үй секторы азаматтық қорғау органдарының бақылауындағы нысандар қатарына жатпайды. Бұл бағытта департамент тарапынан тек өрттің және адамдардың қаза болуының алдын алуға бағытталған профилактикалық жұмыстар жүргізіледі, - дейді ШҚО ТЖД бастығы Рашид Блялов.
ТЖД қызметкерлері 91 000-нан астам үйді аралап, қауіпсіздік шараларын, пештер мен электр жабдықтарын пайдалану ережелерін түсіндірген.
Әлеуметтік осал санаттағы азаматтар тұратын пешпен жылытылатын 2 763 үй бақылауда. Осы мекенжайларды тексеру барысында 700-ден астам бұзушылық анықталды, олардың басым бөлігі пештерді пайдалану және электр желілерінің жағдайымен байланысты, - дейді департамент басшысы. - Анықталған бұзушылықтарды жою жұмыстары жүргізілуде, сондай-ақ пештер мен электр сымдарын жөндеуге қосымша көмек көрсетілуде. Әлеуметтік осал азаматтардың үйлерінде 680 датчик орнатылды.
Жалпы, соңғы 6 жылда 17 мыңнан астам датчик орнатылып, 45 адамның өмірі құтқарылды, оның ішінде 31 бала бар.