ШҚО-да жеңіл атлетикадан ашық чемпионат басталды
Облыстық додаға жалпы білім беретін және спорт мектептерінен, сондай-ақ колледждерден 300-ге жуық спортшы қатысуда

Бұл спортшылардың арасынан үздіктері таңдалып, республикалық чемпионатта өңір намысын қорғайды, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
Жарыстар 2-3 сәуір аралығында ШҚО жеңіл атлетикадан мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер мектебінің манежінде (Қ. Сәтпаев даңғылы, 82/2) өтеді.
Жарыс бағдарламасында жүгіру, секіру, лақтыру, спорттық жүріс және эстафеталық сайыстар қамтылған. Биылғы біріншілікте мектеп деңгейіндегі жеңіл атлетиканы дамытуға ерекше көңіл бөлініп отыр. Осы мақсатта жарысқа дене шынықтыру пәнінің мұғалімдері шақырылды, бұл талантты балаларды іріктеп, мамандандырылған спорт мектептеріне бағыттауға мүмкіндік береді, - деп мәлімдеді ШҚО спорт басқармасы.
Аталған доданың басты мақсаты — облыс құрамасын жасақтау. Жарыс қорытындысы бойынша ең үздік нәтиже көрсеткен спортшылар 20 сәуір күні Шымкент қаласында өтетін Қазақстан Республикасының чемпионатына жолдама алады.