Бүгін Өскеменде ауа сапасы қолайсыз
Бүгін қала бойынша ауаның ластану деңгейі жоғары болады

"Қазгидромет" РМКФ қолайсыз метеорологиялық жағдайлар туралы ескерту жасады, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
2 сәуірде метеорологиялық жағдайлар қала атмосферасында ластаушы заттардың жиналуына ықпал етеді. Жалпы қала бойынша ауаның ластану деңгейі жоғары болады деп күтіледі. 1-дәрежелі ҚМЖ ескертуі жарияланады, - деп мәлімдеді "Қазгидромет" РМКФ.
Синоптиктердңі болжауынша бүгін облыс орталығында көшпелі бұлт жүріп, жауын-шашын болмайды. Түнде және таңертең тұман. Жел солтүстік-шығыстан соғады, күші 2-7 м/с. Ауа температурасы түнде 1-3° аяз, күндіз 8-10° жылы болады.