Өскемен
Қалың бұлтты
  • Өскемен
  • Семей
    +5°
  • Алматы
    +15°
  • Риддер
    +4°
  • Астана
    +7°
  • Ақтөбе
    +21°
  • Ақтау
    +13°
  • Атырау
    +20°
  • Қарағанды
    +10°
  • Көкшетау
    +14°
  • Қостанай
    +9°
  • Қызылорда
    +22°
  • Павлодар
    +7°
  • Петропавловск
    +16°
  • Тараз
    +17°
  • Түркістан
    +22°
  • Орал
    +21°
  • Шымкент
    +22°
$
482.53
+0.70
555.44
-1.36
¥
69.83
+0.07
5.92
+0.07
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Ахмер ауылы береке мен бірліктің жарқын үлгісін көрсетті

Бүгін Өскемендегі Ахмер ауылының тұрғындары ұлыстың ұлы күні – әз-Наурызды тойлады

Усть-Каменогорск и ВКО / Ахмер ауылы береке мен бірліктің жарқын үлгісін көрсетті
Фото:
Устинка LIVE

Мұндай той Ахмерде алғаш рет ұйымдастырылып отыр, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.

Наурыз – көктемгі жаңаруды, береке мен жаңа өмірдің бастауын білдіретін ерекше мейрам. Қазақ мәдениетінде Наурызды тойлау дәстүрі ешқашан бір күнмен шектелмеген. Наурыз айының соңғы демалысында ахмерліктер ұлан-асыр той жасап, мерекені атап өтті. 

Қала әкімінің тапсырмасы бойынша биыл Наурыз тек қаланың орталық алаңында тойланып қоймай, әр шағын ауданда ұйымдастырылуда. Жібек маталар комбинаты, Защита, Согра, Меновное, Аблакет, Күлен кенті сияқты әр шағын ауданда ұлыстың ұлы күні атап өтілді. Бүгін Наурызды Ахмер ауылында халықпен бірге тойлап жатырмыз. Береке-бірлігі, ырыс-ынтымағы жарасқан ауыл тұрғындары киіз үйлер көтеріп, ұлттық ойындардан жарыс ұйымдастырып, салт-дәстүрді жаңғыртуда. Сахна құрылып, Өскеменнің және Ахмердің көркемөнерпаздары ән  мен биден шашу шашып, халыққа көтеріңкі көңіл күй сыйлады, - дейді Өскемен қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Алмас Нұрғалиев. 

Наурыз мейрамы Ахмер ауылында алғаш рет ауқымды түрде ұйымдастырылып отырғанын айта кетен жөн. Бірнеше көшенің тұрғындары бірігіп, топ-топ болып өзара сайысқа түсті. 

Тек концерттік бағдарлама және спорттық жарыстармен шектелмей, мерекенің мазмұнын ашу үшін ауыл тұрғындары арасында сайыс жарияланды. Ахмер ауылындағы көшелер өзара бөлініп, төрт киіз үй құрды. Әр үй қазақтың ұлттық тағамы мен киімін, салт-дәстүрін паш етуден жарысты. Жергілікті кәсіпкерлердің демеушілігімен қаржылай сый-сияпаттар тағайындалды, - дейді Аумақтық басқару орталығының №11 филиал директоры Тілеухан Жиляз. 

Әр киіз үй ақ дастарханын жайып, келушілерге наурыз көжеден дәм татқызды. Қыз ұзату, бесікке бөлеу, тұсау кесу сынды қазақтың ата салтын жаңғыртып, көпшілікке мән-мазмұнын түсіндірді. Осының барлығын арнайы құрылған комиссия бағалап, үздік көшені анықтады. 

Сайыс қорытындысы:

  • 3-орын - "Ұстаздар" және "Бірлік" ауылы (30 мың теңгеден)
  • 2-орын - "Береке" ауылы (50 мың теңге)
  • 1-орын - "Ынтымақ" ауылы (70 мың теңге)

Айта кеткен жөн, қой және гір көтеру, асық ату, арқан тартыс сынды спорттық сайыс жеңімпаздары түрлі бағалы сыйлықтармен марапатталды. 


Следующая →
Біздің Telegram арнамыздағы ең маңызды нәрселер
Тақырыптар: Өскемен Ахмер ауылы Наурыз тойы