ШҚО-да көлік салығын төлемегендерге қатаң шара қолданылады
2025 жылға арналған көлік салығын төлеу мерзімі 2026 жылғы 1 сәуірде аяқталады

Өңірде көлік саны артып келеді: соңғы деректер бойынша 260 мыңнан астам автокөлік тіркелген. Соған сәйкес салық түсімдері де өсуде — биыл есептелген сома 5 трлн теңгеден асты, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
Алайда салықты барлығы уақытында төлемейді. Қазірдің өзінде облыста 6 900-ден астам адам 385 млн теңгеге жуық қарыз болып отыр, - дейді ШҚО бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары Сайранқан Қабыш. - Салықты кешіктірген жағдайда айыппұл мен өсімпұл қосылады. Ал берешек ұзақ уақыт өтелмесе, іс жеке сот орындаушыларына жіберіліп, шоттар бұғатталып, мүлікке тыйым салынуы мүмкін. Тіпті елден шығуға немесе көлік жүргізуге шектеу қойылады.
Айта кету керек, 2026 жылдан бастап:
- 10 жылдан асқан көліктерге салық 30%-ға төмендейді
- 20 жылдан асқан көліктерге — 50%-ға дейін азаяды
Салықты e-Salyq Azamat, Kaspi, Halyk қосымшалары арқылы оңай төлеуге болады.