Шығыстың сұлулары әлемдік сайыста үздіктер қатарынан көрінді
Афины қаласында (Грекия) көркем гимнастикадан "Aphrodite Cup" халықаралық турнирі өтті

Фото:
instagram/shqo_sport_basqarmasy
Оған әлемнің әртүрлі елдерінен 11 команда қатысқан, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі ШҚО спорт басқармасы ақпаратына сүйеніп.
Шығыс Қазақстан облысының спортшылары — Вахлова Томирис, Шимолина Ксения, Бакыткызы Алия, Егорова Елизавета, Айткалиева Дильназ — Қазақстан Республикасының ұлттық құрамасы сапында топтық жаттығуларда (3 шығыршық, 2 жұп шоқпар) жеңімпаз атанып, сондай-ақ көпсайыста күміс жүлдеге ие болды, - деп мәлімдеді облыстық спорт басқармасы.