ШҚО-да екі жылда 36 млн дана көшет отырғызылады
Биыл бұл жоспардың жартысын орындау көзделген

Бұл туралы Үкімет отырысында Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Сақтағанов мәлім етті, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
Мемлекет басшысының 2 млрд ағаш отырғызу жөніндегі тапсырмасына сәйкес, өңірде 2026-2027 жылдары 7 мың гектардан астам аумаққа 36 млн дана көшет отырғызу көзделген. Биыл 3,3 мың гектар аумаққа 17,5 млн көшет отырғызылады, - деді аймақ басшысы.
Қазіргі уақытта облыстағы 26 тұқымбақта 7,3 млн дана көшет бар. Осы жылы қосымша көшеттер сатып алу жоспарланған. Сондай-ақ күз кезінде жапырақты ағаш түрлері егіледі. Ал қарағаш тұқымын себу көктемде жүргізіліп, кейін оны өсіріп, күзде отырғызу көзделіп отыр.
Орман шаруашылықтарын өз отырғызу материалымен қамтамасыз ету мақсатында биыл Верх-Уба орман шаруашылығында жабық тамыр жүйесі кешенін салу жоспарлануда. Алдағы уақытта осындай жобалар облыстың басқа орман шаруашылықтарында да жүзеге асырылады, - деді Нұрымбет Сақтағанов.