Өскеменде мерекелік шараларға байланысты кей көшелер уақытша жабылады
Қала әкімшілігінің хабарлауынша, "Киіз үй қалашығын" орнату үшін 21 наурызда Республика алаңынан көліктердің өтуіне тыйым салынады

Таңғы сағат 06.00-ден бастап М. Горький көшесінен Қ. Қайсенов көшесіне дейін – Қазақстан көшесімен; Бейбітшілік көшесінен Қазақстан көшесіне дейін – М. Горький көшесімен жүруге болмайды. Сондай-ақ "Sulpak" СҮ алдындағы жол жабық болады, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
Сондай-ақ, мерекелік іс-шаралардың дайындық жұмыстарына байланысты 21 наурыз күні сағат 13.00-ден 17.00-ге дейін Республика алаңының аумағы — С. Нұрмағамбетов көшесінен Қазақстан көшесіне дейін жабылады.
22 наурыз таңғы 06.00-ден 23.00-ге дейін Республика алаңы аумағындағы жолдар жабылады: Қазақстан көшесі - Қ. Қайсенов көшесінен Қабанбай батыр көшесіне дейін; М. Горький көшесі - Бейбітшілік көшесінен Пермитин көшесіне дейін; С. Нұрмағамбетов көшесі – Чехов көшесінен Пермитин көшесіне дейін; Қазақстан көшесі – С. Нұрмағамбетов көшесінен Қабанбай батыр көшесіне дейін.
Қазақстан көшесі бойындағы "Sulpak" СҮ маңындағы жол да жабылады: Қ. Қайсенов көшесінен М. Горький көшесіне және Тоқтаров көшесінен Қазақстан көшесіне дейін көлік жүре алмайды.
Сондай-ақ 22 наурыз күні сағат 08.00-ден 17.00-ге дейін Достық үйі маңындағы жол да жабылады: "Элегант" дүкені алдымен өтетін Назарбаев даңғылынан Шәкәрім даңғылына дейігі жол.
Қала әкімдігі уақытша қолайсыздықтар үшін тұрғындардан кешірім сұрай отырып, қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауды ескертеді.