Үкімет отырысында жаңа Конституцияны ілгерілету жоспары талқыланды
Шығыс Қазақстан әкімдігінде ҚР Премьер-Министрі Олжас Бектановтың төрағалығымен Үкімет отырысы өтті

Жиын барысында Олжас Бектенов жаңа Конституцияны ілгерілету бойынша іс-шаралар жоспары әзірленіп, бекітілетінін, бірқатар заң мен заңға тәуелді актілерді өзгерген Ата Заңға сәйкестендіру керектігін айтты, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
Ал Премьер-министрдің орынбасары - Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева тегін медициналық көмекті қаржыландыру көздері артатынын, Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Жаңа Конституцияның ережелері барлық жоғары білім беру бағдарламаларының мазмұнына енетінін жеткізді.
Өзгерген Ата Заңда дербес деректерді заңсыз жинаудан, өңдеуден, сақтаудан және пайдаланудан қорғау құқығына заңмен кепілдік беру нормасы енгізілген болатын.
Осы норманы іске асыру мақсатында бірқатар заңнама мен актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу жоспарланып отыр. Соған сәйкес, дербес деректердің жаппай таралуы үшін қылмыстық жауапкершілік енгізу және әкімшілік айыппұлдың шегін 5000 айлық есептік көрсеткішке дейін арттыру қарастырылуда, - деді ҚР Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев.
Олжас Бектенов кеше Президент жаңа Конституцияның қабылдануына байланысты азаматтар мен мемлекеттің қауіпсіздігіне қатер төндірмейтін бірқатар құқық бұзушылық бойынша рақымшылық жасау туралы бастама көтергенін атап өтті.
Әкімшілік істер бойынша рақымшылық туралы бастама ел тарихында алғаш рет көтеріліп отыр, Ішкі істер және Әділет министрліктері Бас прокуратурамен бірлесіп, екі апта ішінде рақымшылық жасау тетіктері бойынша егжей-тегжейлі ұсыныс енгізсін, - деді Премьер-министр.