Өскеменде заманауи сүт өңдеу зауыты салынып жатыр
Кәсіпорын тәулігіне 200 тонна, яғни жылына шамамен 73 мың тонна сүт өңдеумен айналыспақ

Құны 5 млрд теңгені құрайтын зауытта 700-ге дейін жаңа жұмыс орыны ашылады деп жоспарланған, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі ШҚО әкімдігі ақпаратына сүйеніп.
Кәсіпорында сүт, қышқыл сүт өнімдері, сүзбе, жұмсақ және балқытылған ірімшіктер, йогурт пен қаймақ сияқты өнімдердің кең ассортименті шығарылмақ. Жаңа өндірістік кешен заманауи өңдеу және автоматтандыру технологияларын енгізуге, өндіріс көлемін едәуір арттыруға мүмкіндік береді, - деп мәлімдеді әкімдіктің баспасөз қызметі.
Сонымен қатар, аймақта жаңа кәсіпорындар да іске қосылып жатыр. Мәселен, Шемонаиха қаласында "Сивер Плюс" ЖШС-ның заманауи сүт өңдеу зауыты өз жұмысын бастады. Кәсіпорын озық құрал-жабдықтармен жабдықталған және "Nastole" брендімен кефир, сүзбе, сүт пен қаймақ өндіреді.
Қазіргі таңда зауыт тәулігіне 6 тоннаға дейін сүт өңдейді және алдағы уақытта жобалық қуатына шығу жоспарланып отыр. Өндіріс жергілікті шаруа қожалықтарымен тығыз байланыста жұмыс істейді.
Мамандардың айтуынша, сүтті жергілікті жерде өңдеу өндірістерін дамыту Шығыс Қазақстан үшін аса маңызды. Жаңа кәсіпорындар өңірде өндірілетін шикізатты тиімді пайдалануға, өнім түрлерін көбейтуге және тұрғындарды сапалы отандық өніммен қамтамасыз етуге жол ашады.