Тарбағатайдағы аз қамтылған отбасыларға 35 тонна көмір үлестірілді
Тарбағатайда "Жақсылық жасап жарысайық!" қамқорлық акциясы аясында мұқтаж отбасыларға 35 тонна көмір жеткізілді

Қамқорлық акциясы барысында жергілікті кәсіпкерлер өз қаражаттары есебінен аз қамтылған және көпбалалы отбасыларға қайырымдылық көмек көрсетті. Мұқтаж отбасыларға 35 тонна көмір түсіріліп, 20 азық-түлік себеті таратылды, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
Бұл көмек бірқатар отбасының тұрмыстық жағдайын жеңілдетті. Игі іске ұйытқы болған азаматтар қоғамдағы жанашырлық пен әлеуметтік жауапкершіліктің жарқын үлгісін көрсетті. Осындай бастамалар ел ішіндегі бірлік пен мейірімді арттырып, өзгелерге де үлгі болары сөзсіз, - деп хабарлады Тарбағатай ауданының әкімдігінен.