Өскемен
Бұлтты
+1°
  • Өскемен
    +1°
  • Семей
    +2°
  • Алматы
    +7°
  • Риддер
    +1°
  • Астана
  • Ақтөбе
    +4°
  • Ақтау
    +15°
  • Атырау
    +12°
  • Қарағанды
  • Көкшетау
    +2°
  • Қостанай
    -3°
  • Қызылорда
    +12°
  • Павлодар
    -1°
  • Петропавловск
    -1°
  • Тараз
    +7°
  • Түркістан
    +14°
  • Орал
  • Шымкент
    +13°
$
491.29
562.92
¥
71.25
6.1
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

ШҚО-да өрт сөндіру-құтқару спорты бойынша қысқы чемпионат өтеді

ҚР ТЖД министрінің ерлер, әйелдер және жасөспірімдер арасындағы қысқы чемпионатын өткізу 18-20 наурызға жоспарланған

Усть-Каменогорск и ВКО / ШҚО-да өрт сөндіру-құтқару спорты бойынша қысқы чемпионат өтеді
Фото:
gov.kz

Қазақстанның барлық өңірлерінен келген спортшылар Өскеменде бас қосады, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі. 

Құтқарушылар 100 метрлік кедергілері бар жолақтан өту; шабуыл сатысымен оқу мұнарасының 2, 3, 4-қабаттарына көтерілу сынды сайыстарда бақ сынайды. 

Өрт сөндіру-құтқару спорты — құтқарушылардың жауынгерлік дайындығын арттыратын және өрт сөндіру тәжірибесінде қолданылатын қолданбалы спорт түрі.

Айта кету керек, жасөспірімдер арасындағы Әлем чемпионатында біздің спортшылар өрт эстафетасында және жалпыкомандалық есепте қола жүлдеге ие болды. Шығыс Қазақстан облысының спортшысы Боков Никита 15–16 жас аралығындағы орта топта жасөспірімдер арасында шабуыл сатысымен көтерілу және 100 метрлік кедергілер жолағынан өту бойынша күміс жүлдегер, сондай-ақ осы дисциплиналар бойынша Қазақстан Республикасының рекорд иегері болып табылады, - деп мәлімдеді ШҚО ТЖД баспасөз қызметі. 

Сонымен қатар, Уфа қаласында өткен "Достық кубогы" халықаралық жарыстарында ерлер құрамасы жауынгерлік қанат жаю бойынша күміс жүлде алып, 23,37 секунд нәтижесімен Қазақстанның жаңа рекордын орнатты.

Қысқы чемпионаттар ШҚО ТЖД спорттық манежінде өтеді. Мұнда спортшылардың жақсы нәтиже көрсетуі мен жарыстың жоғары деңгейде өтуі үшін барлық жағдай жасалған.

Следующая →