Өскемен
Бұлтты
+2°
  • Өскемен
    +2°
  • Семей
  • Алматы
    +6°
  • Риддер
  • Астана
    +1°
  • Ақтөбе
    +5°
  • Ақтау
    +13°
  • Атырау
    +12°
  • Қарағанды
    -3°
  • Көкшетау
    +2°
  • Қостанай
    +1°
  • Қызылорда
    +11°
  • Павлодар
    +1°
  • Петропавловск
    +4°
  • Тараз
    +6°
  • Түркістан
    +12°
  • Орал
    +1°
  • Шымкент
    +12°
$
491.29
562.92
¥
71.25
6.1
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Референдум-2026: Өскемендік "морждар" дауыс берді

Нұрлы Жол ықшам ауданындағы №50 мектепте екі сайлау учаскесі жұмыс істеп тұр

Усть-Каменогорск и ВКО / Референдум-2026: Өскемендік "морждар" дауыс берді
Фото:
Устинка LIVE

Бүгін мұнда қыста суық суға түсіп, шынығушы спортшы жігіттер келіп, референдумға қатысты, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.

Біздің мектепте екі сайлау учаскесі бар: №1192 және №1193. Мұнда Сәтпаев даңғылы мен Базовая көшесінің тұрғындары дауыс беріп жатыр. Жалпы тұрғындар белсенділік танытуда. Дауыс беру кешкі 20.00-ге дейін жалғасады, - дейді №50 мектеп директоры әрі №1192 учаскелік комиссиясының төрайымы Рахат Ибраимова.

№1193 учаскелік комиссиясының төрағасы Жансерік Ысқақовтың айтуынша, келушілер арасында бес адам (сағат 11.00-дегі жағдай бойынша) алғаш рет дауыс беріп, оларға естелік сыйлықтар табысталған. 

Сонымен қатар, мектеп ауласында жәрмеңке және концерт ұйымдастырылып, халыққа көтеріңкі көңіл күй сыйлады.

Бүгін еліміз үшін маңызды күн. Конституция — азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының негізі, мемлекет дамуының алдағы бағытын айқындайтын құжат. Әрқайсымыз оның болашағы үшін жауаптымыз. Референдумға қатысу — өз азаматтық ұстанымымызды білдіру және мемлекет тағдырына өз үлесімізді қосуға мүмкіндік береді. Сол себепті қыста суық суға түсетін Ice man Oskemen клубының жігіттері де өз үлесін қосып, дауыс беру үшін сайлау учаскесіне келдік, - дейді Науан Жаниенов.

Айта кету керек, бүгінде бұл клубқа елуден астам адам енген. Алды 18-дегі жастар болса, тіпті 73-тегі қария да қатардан қалмай қысты күні суға түсіп, денсаулығын шынықтыруда. 

Қыста суық суға түсу – денсаулықпен қатар, мінезді де шынықтырады. Әрине, кез келген адам бірден суық суға түсіп кете алмайды. Ол үшін алдымен денсаулығы жарамды, медициналық тексерістен өтуі керек, - дейді Науан Жаниенов. – Жыл басында клубта үш адам ғана бар еді, қазір елуден асып кетті. Жастар ғана емес, орта жастағы ағаларымыз да белсенді. Сонымен қатар, қыздарға арналған топ та ашылып, онда қазіргі таңда он ару бар. Клубты дамыту бойынша алға қойған жоспарларымыз да жоқ емес. Соған қалалық әкімдік те қолдау білдірсе деп сұраймыз. Мәселен, біз Ертіс өзенінің жағалауында дайындаламыз, сол жерде киініп-шешінетін арнайы орындар мен воркаут-алаңдар орнатылса, спортшылар үшін ыңғайлы болар еді.

Следующая →
Біздің Telegram арнамыздағы ең маңызды нәрселер
Тақырыптар: Референдум-2026 Өскемен №50 мектеп