Өскеменде Наурыз мейрамына орай 100-ден астам шара өтеді
Облыс орталығында ұлыстың ұлы күніне орай бірқатар мәдени, бұқаралық, спорттық, танымдық және ғылыми шаралар өткізу жоспарланған

Наурызнама аясындағы мерекелік шаралар 14 наурыз - Көрісу күнінен басталып, тақырыптық 10 күндік форматта ұйымдастырылады, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
Жоспарланған негізгі шаралар:
- 17 наурыз - Арбатта "Жан ана" көпбалалы қоғамдық бірлестігімен бірге отбасылық құндылықтарды дәріптеуге және заманауи өзгерістерге бейімделуге бағытталған танымдық шара өтеді
- 18 наурыз - Ұлттық киім күні. "Макси Молл" сауда орталығында өскемендік дизайнерлерден ұлттық киімдердің сән көрсетілімі.
- 20 наурыз - Ұлттық спорт күні. Комсомол аралында ұлттық спорт түрлерінен жарыстар өткізіліп, мықтылар өзара күш сынасады.
Биыл Наурыз мейрамы қала бойынша бірнеше локацияда тойланады. 21 наурыз күні "Өскемен" аллеясында (КШТ), Меновное, Аблакет, Защита, Куленов аудандарында, сондай-ақ Сол жағалау мен Комендантка өзенінің сағасында мерекелік шаралар өтеді. Ал 22 наурызда дәстүрлі түрде Республика алаңында негізгі халықтық мереке ұйымдастырылады, - деді Өскемен қаласы әкімінің орынбасары Болатбек Мамарбаев.