ШҚО ПД нәзік жандар арасындағы мергенді анықтады
Халықаралық әйелдер күні қарсаңында ШҚО Полиция департаментінде әйел қызметкерлер арасында жауынгерлік қарудан оқ ату жарысы өтті

Атыс шебіне түрлі бөлімшелердің өкілдері — анықтаушылар, криминалистер, айдауыл қызметінің мамандары және басқа да қызметкерлер шықты, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
Бұл олар үшін жай ғана сайыс емес, кәсіби дайындығын, төзімділігін және табельдік қаруды шебер меңгергендігін көрсетудің мүмкіндігі болды.
Ату алаңында барынша зейін қоюды талап ететін атмосфера орнады: бірнеше секундтық үнсіздік, нысанаға дәл тиген оқ дауысы. Қатысушылар жоғары ату шеберлігін, ұстамдылық пен өзіне деген сенімділікті паш етті.
Ату жарысының қорытындысы бойынша жүлдегерлер:
- 1-орын — полиция подполковнигі Салтанат Ерназарова, Анықтау басқармасының аға анықтаушысы;
- 2-орын — полиция подполковнигі Татьяна Титаренко, Анықтау басқармасының ерекше маңызды істер жөніндегі аға анықтаушысы;
- 3-орын — полиция аға сержанты Самира Солтангазина, Өскемен қалалық Полиция басқармасының полицей-айдауыл қызметкері.
Оқ атудан бөлек, қатысушылар Макаров тапаншасын жылдам шашып-жинаудан бақ сынасты. Бұл жаттығу ептілікті, жылдамдықты және іс-қимылдың нақтылығын қажет етеді.
Тапаншаны жинаудан үздіктер:
- 1-орын — полиция аға лейтенанты Александра Колпак, ОКУ криминалисті;
- 2-орын — полиция сержанты Назым Асенова, ҚҚБ технигі;
- 3-орын — полиция подполковнигі Салтанат Ерназарова, Анықтау басқармасы.
Тапаншаны шашудан үздіктер:
- 1-орын — полиция подполковнигі Нафиса Кайырбекова, ҚҚБ бас маманы;
- 2-орын — полиция аға лейтенанты Назым Ерланова, Өскемен қ. ПБ ЖКБ криминалисті;
- 3-орын — полиция подполковнигі Татьяна Титаренко, Анықтау басқармасы.
Жарыс соңында жеңімпаздар медальдармен, грамоталармен және естелік сыйлықтармен марапатталды. Сайыс жылы әрі достық жағдайда өтіп, әріптестері қатысушыларға қошемет көрсетіп, қолдау білдірді. 8 наурыз мерекесі қарсаңында мұндай сәттердің маңызы зор — бұл полиция погонының артында күн сайын қызметін адал атқарып жүрген қайратты, өзіне сенімді және мамандығына адал әйелдер тұрғанын тағы бір мәрте дәлелдеді.


