Өскемен
Бұлтты
-2°
  • Өскемен
    -2°
  • Семей
    -6°
  • Алматы
    +1°
  • Риддер
    -4°
  • Астана
    -3°
  • Ақтөбе
    -3°
  • Ақтау
  • Атырау
    +3°
  • Қарағанды
    -3°
  • Көкшетау
    -4°
  • Қостанай
    -14°
  • Қызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -2°
  • Петропавловск
    -13°
  • Тараз
  • Түркістан
    +3°
  • Орал
  • Шымкент
    +1°
$
493.36
-6.47
572.84
-8.66
¥
71.59
-0.88
6.29
-0.13
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскеменде танкішілер штаттық снарядпен оқ атты

Өскемен қаласындағы 27943 әскери бөлімінің оқу-жаттығу полигонында танк батальоны штаттық снарядпен жоспарлы ату сабағын өткізді

Усть-Каменогорск и ВКО / Өскеменде танкішілер штаттық снарядпен оқ атты
Фото:
Өскемен гарнизонының баспасөз қызметінен

Жаттығуға батальон басқармасы, сондай-ақ тұрақты жеке құрам, яғни, офицерлер мен келісімшарт бойынша әскери қызметшілер қатысты, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.

Өскемен гарнизонының баспасөз қзыметі ақпараты бойынша, жоспарлы оқу-жаттығу барысында экипаждар нысаналарды әртүрлі қашықтықтан жою бойынша тапсырмаларды орындады. Танкішілер қаруды дәл қолдану, атыс жүргізу шеберлігі мен бөлімшелер арасындағы өзара іс-қимылды жетілдіруге ерекше назар аударды. Сонымен қатар, ұрыс жағдайына барынша жақындатылған ортада шешім қабылдау және экипаж мүшелерінің үйлесімді әрекеті пысықталды. Оқу-жаттығу кезінде қауіпсіздік талаптары қатаң сақталып, жеке құрамның қауіпсіздігі толық қамтамасыз етілді.

Ату қорытындысы бойынша танк батальоны "жақсы" деген баға алып, жеке құрам жоғары дайындық деңгейін көрсетті.

Бүгінгі атыс сабақтары экипаждардың үйлесімді әрекетін және жеке құрамның кәсіби дайындығын айқындады. Әрбір танкиш нысананы жою кезінде жауапкершілік пен жинақылық танытты. Осындай жаттығулар жауынгерлік қабілетімізді арттырып, кез келген тапсырманы орындауға дайын екенімізді дәлелдейді, - деді 2-танк ротасының командирі лейтенант Ерболат Еңсебаев. 

Әскери қызметшілердің айтуынша, штаттық снарядпен ату – әр танкішінің кәсіби дайындығындағы маңызды кезең. Мұндай жаттығулар жауынгерлік тәжірибені арттырып, өз күшіне деген сенімділікті нығайтады.

Жоспарлы түрде ұйымдастырылатын осындай жаттығулар бөлімнің жауынгерлік әзірлігін арттырып, әскери қызметшілердің кәсіби шеберлігін шыңдауға мүмкіндік береді.

Следующая →
Біздің Telegram арнамыздағы ең маңызды нәрселер
Тақырыптар: Өскемен Танкішілер оқ атты Оқу-жаттығу