Өскемен
Қалың бұлтты
  • Өскемен
  • Семей
    +1°
  • Алматы
    +2°
  • Риддер
    -1°
  • Астана
    -2°
  • Ақтөбе
    +1°
  • Ақтау
    +10°
  • Атырау
    +6°
  • Қарағанды
    -2°
  • Көкшетау
    -7°
  • Қостанай
    -12°
  • Қызылорда
    +10°
  • Павлодар
    -3°
  • Петропавловск
    -12°
  • Тараз
    +4°
  • Түркістан
    +9°
  • Орал
  • Шымкент
    +8°
$
493.36
-6.47
572.84
-8.66
¥
71.59
-0.88
6.29
-0.13
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемендегі қару-жарақ дүкендеріне бақылау күшейеді

Енді Өскемен қаласындағы мамандандырылған қару-жарақ дүкендері мен қаруды орталықтандырылған сақтау пунктеріндегі бейнебақылау жүйелері ШҚО ПД Жедел басқару орталығына қосылады

Усть-Каменогорск и ВКО / Өскемендегі қару-жарақ дүкендеріне бақылау күшейеді
Фото:
ШҚО ПД баспасөз қызметінен

Қару-жарақ дүкендері мен қаруды орталықтандырылған сақтау пункттері террористік тұрғыдан осал нысандар тізбесіне енгізілген, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі. 

Бейнебақылау желісін ЖБО-ға беру іргелес аумақ пен нысан ішіндегі жағдайды нақты уақыт режимінде бақылауға, ал штаттан тыс жағдайлар туындаған кезде полиция жасақтарының іс-қимылын жедел үйлестіруге мүмкіндік береді.

Қазіргі уақытта облыс орталығында азаматтық және қызметтік қару сататын үш мамандандырылған дүкен және үш орталықтандырылған сақтау пункті жұмыс істейді. Сауда нысандарының бір бөлігі ЖБО жүйесіне интеграцияланған, қалғандары кезең-кезеңімен қосылатын болады.

Бұл жерде әңгіме тек қауіпсіздік шаралары туралы болып отыр. Камераларды Жедел басқару орталығына қосу кез келген қатерге жедел әрекет етуге және ықтимал тәуекелдердің алдын алуға мүмкіндік береді. Бұл ретте ішкі қызметке және коммерциялық процестерге ешқандай араласу болмайды. Біздің ортақ міндетіміз — азаматтардың, нысан қызметкерлерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету және өңірдегі тұрақтылықты сақтау, - деді ШҚО Полиция департаментінің бастығы, полиция генерал-майоры Ерлан Омарбеков.

Следующая →
Біздің Telegram арнамыздағы ең маңызды нәрселер
Тақырыптар: ШҚО ПД Қару-жарақ дүкендерін бақылау