Өскеменде жолдан өтіп бара жатқан адамды автобус қағып кетті
№ 33 бағыттағы автобус жүргізушісі бағдаршамның рұқсат етілген сигналына жолдан өтіп бара жатқан жаяу жүргіншіні қағып кеткен

Фото:
Устинка LIVE
Оқиға кеше Серікбаев көшесі бойында орын алған, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
Daewoo маркалы автобус тізгініндегі жүргізуші бағдаршаммен реттелетін қиылыста қауіпсіз қозғалыс жылдамдығын сақтамаған, көктайғақты ескермеген. Салдарынан бағдаршамның жасыл түсіне өтіп бара жатқан адамды қағып кетті, - деп мәлімдеді ШҚО ПД баспасөз қызметі.
Көлік қаққан адам жедел жәрдеммен ауруханаға жеткізілген.