Өскемен
Бұлтты
-15°
  • Өскемен
    -15°
  • Семей
    -12°
  • Алматы
  • Риддер
    -9°
  • Астана
    -8°
  • Ақтөбе
    -2°
  • Ақтау
    +5°
  • Атырау
    +4°
  • Қарағанды
    -7°
  • Көкшетау
    -6°
  • Қостанай
    -8°
  • Қызылорда
  • Павлодар
    -11°
  • Петропавловск
    -6°
  • Тараз
    -3°
  • Түркістан
    +10°
  • Орал
  • Шымкент
    +6°
$
497.56
586.92
¥
72.55
6.44
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Бір айда ШҚО кәсіпорындарда 7 жазатайым жағдай орын алды

Жұмыс орнында жеті адам ауыр зардап шеккен, ал адам өлімі тіркелген жоқ

Усть-Каменогорск и ВКО / Бір айда ШҚО кәсіпорындарда 7 жазатайым жағдай орын алды
Фото:
pixabay

Ал 2025 жылы облыс кәсіпорындарында 128 жазатайым оқиға орын алып, 143 адам зардап шеккен: 41 адам жеңіл, ал 75 адам ауыр жарақат алған, 14 адам қаза тапты, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.

Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің ШҚО бойынша департаментінің ақпаратына сүйенсек, зардап шеккендердің көбі тау-кен металлургия өнеркәсібінде - 37, бюджеттік ұйымдарда - 34 адам, құрылыста - 14, ауыл шаруашылығында - 13 және басқа салаларда - 45 адам. Департамент басшысы Бақытбек Қизатов атап өткендей, жазатайым жағдайлардың негізі себебі: өндірістік жұмыстарды нашар ұйымдастыру (36%), жұмысшылардың қателігі (34%) және қауіпсіздік ережелерін бұзу (11%).

Зардап шеккендердің көбі Өскеменде (64), Риддер (26), Алтай ауданы (16), Шемонаиха ауданы (15) және Ұлан ауданында (11). Жазатайым оқиғаларға қатысты 123 арнайы тергеу жүргізілді, 197 лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды, тоғыз қызметкер жұмыстан шеттетілді. 123 қылмыстық іс қозғалды, олар бойынша бес лауазымды тұлға қылмыстық жауапкершілікке тартылды, - деді Бақытбек Қизатов.

Қаза тапқандардың отбасыларына 88,8 млн теңге, алған жарақаттарына байланысты жұмысын жалғастыра алмаған 75 қызметкерге 89,5 млн теңге төленді.

Следующая →
Біздің Telegram арнамыздағы ең маңызды нәрселер
Тақырыптар: ШҚО Жұмыстағы жазатайым жағдайлар 2026 жыл