Ертең ШҚО-да 41 градус аяз болады
27 ақпанда түнде облыстың солтүстігінде 41 градус қатты аяз күтіледі

"Қазгидрометтің" ақпараты бойынша облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде күн тұманды болады, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
ШҚО ТЖД мамандары азаматтарға аязды күні елді мекендерден тыс шықпауды ескертті.
Қатты аязда қажеттілік болмаса, үйден шықпауға тырысыңыз, шыққан кезде қалың киініңіз. Автобусты күтіп аялдамада ұзақ тұрмаңыз, - деп ескертті ШҚО ТЖД. - Көлігіңізді жылыту үшін ашық отты пайдаланбаңыз.Үйдегі пешті жиі жағыңыз, бірақ ұзақтығы 1,5 сағаттан аспайтын болсын. Алайда шектен тыс қыздырмаңыз. Ұйқыға жатқанша 2 сағат бұрын пешті жағуды тоқтатыңыз, отын толығымен жанғанша қақпақты жаппаңыз. Тұрғын үйді қосымша жылытатын болсаңыз, электр жылытқыштарының қауіпсіздігін тексеріңіз.
Төтенше жағдай кезінде 112 нөміріне хабарлаңыз.