Шығыс Қазақстанда "Көктем-2026" оқу-жаттығулары басталды
Бұл азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесін жетілдіру, басқару органдарын, күштер мен құралдарды алдағы көктемгі су тасқыны кезеңіне дайындау үшін қажет

Оқу-жаттығу аясында облыстағы құлақтандыру жүйесі тексеріледі, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
Оқу-жаттығудың практикалық бөлігі облыстың аудандары мен қалаларында өтті, онда 800-ге жуық жеке құрам мен 300-ден астам техника жұмылдырылды. Облыс орталығында Ертіс арнасындағы су деңгейінің көтерілуіне байланысты іс-шаралар пысықталды, - деп хабарлады ШҚО ТЖД.
Ерістің суы маңайдағы саяжайларға апаратын көпірді шайып кетсе, атқарылар шаралар алгоритмі айқындалды. Ондай жағдайда оқиға орнына ТЖ қызметкерлері мен полиция экипаждары келеді, олар дауыс зорайтқыш құрылғы арқылы тұрғындарды алдағы эвакуация туралы хабардар етеді. Құтқарушылар жоғары өтімді техникамен және жүзу құралдарымен аралда қалған жергілікті тұрғындарды қауіпсіз аймаққа тасымалдайды. Кейін апаттар медицинасы орталығының дәрігерлері мен психологтары зардап шеккен халыққа көмек көрсетеді. Коммуналдық қызметтер қаптарды төсеу, қорғаныс бөгеттері мен үйінді құрылыстарды нығайту жұмыстарын ұйымдастырды. Тасқыннан зардап шеккен азаматтарды орналастыру пунктері дайындалады.
Шығыс Қазақстанда құрылған өңірдің азаматтық қорғау қызметтері мен мүдделі органдардың штабы көктемгі кезеңдегі төтенше жағдайлар кезінде келіп түскен барлық сигналдар мен кіріспе іс-қимылдарды пысықтады.
Шығыс Қазақстанда барлығы 71 су тасқыны қаупі бар елді мекен анықталды. Су тасқыны жағдайының асқынуы жағдайында 3677 адамнан тұратын күштер мен құралдар тобы, 556 бірлік техника, 75 бірлік жүзу құралдары және 234 мотопомпалар құрылды. ТЖ жағдайында халықты орналастыру үшін жалпы сыйымдылығы 21 мыңнан асатын 182 халықты қабылдау пункті дайындалды, - деп атап өтті ШҚО ТЖД бастығы Рашид Блялов.



