Өскемен
Бұлтты
-26°
  • Өскемен
    -26°
  • Семей
    -23°
  • Алматы
    -1°
  • Риддер
    -18°
  • Астана
    -21°
  • Ақтөбе
    -11°
  • Ақтау
    +5°
  • Атырау
    +3°
  • Қарағанды
    -22°
  • Көкшетау
    -20°
  • Қостанай
    -16°
  • Қызылорда
    -7°
  • Павлодар
    -23°
  • Петропавловск
    -18°
  • Тараз
    +3°
  • Түркістан
    +6°
  • Орал
    -9°
  • Шымкент
    +9°
$
501.75
+0.49
591.96
+1.58
¥
73.35
+0.38
6.52
-0.02
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Сенат төрағасы ШҚО халықына Жаңа Конституцияның маңызын түсіндірді

Шығыс Қазақстан облысына жұмыс сапарымен келген Мәулен Әшімбаев мәслихат депутаттарымен, жергілікті жұртшылықпен, этномәдени бірлестіктер өкілдерімен, белсенді жастармен және еңбек ұжымдарымен кездесті

Усть-Каменогорск и ВКО / Сенат төрағасы ШҚО халықына Жаңа Конституцияның маңызын түсіндірді
Фото:
ШҚО әкімінің баспасөз қызметінен

Кездесулерде Мемлекет басшысы айқындап берген реформалардың басым бағыттары, Ата Заңның негізгі жаңа нормалары және Президент тапсырмаларын жүзеге асыру аясындағы бірлескен жұмыс тетіктері талқыланды, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.

Конституциялық реформа – Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың еліміздің саяси жүйесін ауқымды және кешенді жаңғыртуға арналған бастамаларының заңды әрі дәйекті жалғасы. Жаңа Конституция жобасы заң мен тәртіп қағидатына, азаматтардың мүддесі мен құқықтарына табан тірейді. Жалпы, бұл шешім – заманауи мемлекет моделіне өту жолындағы саналы және батыл қадам. Ата Заңдағы концептуалды өзгертулердің бірі адам құқықтары мен бостандықтары мемлекеттің ең жоғары құндылығы ретінде бекітілуі екенін атап өткен жөн. Жаңа конституциядағы дәл осы қағида мемлекеттік құрылымның барлық жүйесінің негізін қалыптастырады, – деп, Мәулен Әшімбаев мәслихат депутаттарымен бірлесіп атқаратын алдағы ортақ міндеттерді тілге тиек етті.

Сонымен қатар Сенат төрағасы өңірдің өндірістік және ғылыми әлеуетіне ерекше назар аударып, қоршаған ортаны қорғау саласындағы сын-қатерлерге де тоқталды. 

Жаңа Конституциядағы экологиялық ережелердің Шығыс Қазақстан үшін маңызы зор. Алғаш рет табиғатқа қамқорлық таныту мемлекеттің іргелі құндылықтарының бірі ретінде бекітілді. Орнықты даму, экологиялық қауіпсіздік және келер ұрпаққа қамқорлық жасау – Қазақстанның стратегиялық таңдауы, – деді Палата төрағасы.

Ал жастармен және этномәдени бірлестіктер өкілдерімен кездесуде конституциялық өзгерістер бүгінгі жаһандық сын-қатерлер жағдайында тиімді жұмыс істейтін саяси жүйе құруға бағытталғаны айтылды. Мәулен Әшімбаев бұл реформалардың сапалы жүзеге асырылуы, жалпы елдің дамуы жастардың қоғамдық-саяси үдерістерге саналы түрде қатысуына және олардың бастамашылдығы мен кәсіби қабілеттеріне тікелей байланысты екенін де атап өтті.

Следующая →
Біздің Telegram арнамыздағы ең маңызды нәрселер
Тақырыптар: ШҚО Мәулен Әшімбаев Жаңа Конституция