Өскемен
Қалың бұлтты
-26°
  • Өскемен
    -26°
  • Семей
    -20°
  • Алматы
    -3°
  • Риддер
    -20°
  • Астана
    -15°
  • Ақтөбе
    -8°
  • Ақтау
    +5°
  • Атырау
    +2°
  • Қарағанды
    -15°
  • Көкшетау
    -16°
  • Қостанай
    -10°
  • Қызылорда
    -2°
  • Павлодар
    -23°
  • Петропавловск
    -19°
  • Тараз
    -1°
  • Түркістан
    +10°
  • Орал
    -11°
  • Шымкент
    +18°
$
496.85
-0.48
585.54
-1.16
¥
72.23
+0.24
6.49
+0.01
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Шығысқазақстандық Сурдлимпиада чемпионына пәтер тарту етілді

Фаина Мейірманова өткен жылдың қараша айында Токио қаласында өткен ХХV жазғы Сурдлимпиада ойындарында алтын медаль жеңіп алған

Усть-Каменогорск и ВКО / Шығысқазақстандық Сурдлимпиада чемпионына пәтер тарту етілді
Фото:
ШҚО әкімінің баспасөз қызметінен

ШҚО әкімі спортшыға 3 бөлмелі пәтер сертификатын табыстады, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.

Сурдлимпиада ойындары - есту қабілеті бұзылған спортшылар арасындағы ең ірі халықаралық жарыс. Ол Халықаралық саңыраулар спорт комитетінің қолдауымен өткізіледі. Фаинаның жеңісі Қазақстан ұлттық құрамасының қоржынын толтырып, Шығыс Қазақстандағы спорттың жоғары деңгейін айқындады.

Жеңіл атлетикадан биіктікке секіру сайысында ол 1,79 метр нәтижесін көрсетіп, қарсыластарынан басым түсті. Осылайша, жарыс рекордын жаңартып, Сурдлимпиада чемпионы атанды.

Фаина Мейірманова Қазақстан ұлттық құрамасының негізгі сапында өнер көрсетеді. Оның жетістіктері - көпжылдық жүйелі дайындықтың, бапкерлер штабының кәсіби еңбегінің және өңірдегі спорт ұйымдарының қолдауының нәтижесі.

Соңғы екі жылда спортшы халықаралық және республикалық ареналарда тұрақты түрде жоғары нәтиже көрсетіп келеді. 2024 жылы Тайбэйде өткен сурдо-жеңіл атлетикадан әлем чемпионатында топ жарып, Куала-Лумпурдегі Азия-Тынық мұхиты ойындарының жеңімпазы атанды.  Сондай-ақ Қазақстанның бірнеше дүркін чемпионы болды.

Спортшымыздың жеңісі еліміздің халықаралық беделін нығайтып, қайсарлық пен табандылықтың жарқын үлгісін көрсетіп отыр, - деп атап өтті Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Сақтағанов.

Следующая →
Біздің Telegram арнамыздағы ең маңызды нәрселер
Тақырыптар: ШҚО Фаина Мейірманова Пәтер кілті табысталды