Сабыр сақтаңыз: ШҚО-да дабыл соғылады
ШҚО бойынша "Көктем-2026" республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы аясында құлақтандыру жүйесі тексеріледі

25 ақпанда сағат 11.00-де теле-радиоарналар мен құлақтандыру жүйесіне техникалық тексеру жүргізіледі және сиреналық-сөйлеу құрылғылары қосылады, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
ШҚО ТЖД тұрғындардан сирена дыбысын естігенде, сабырлық сақтап, теледидар мен радионы қосу керетігін еске салады.
"Баршаның назарына!"- бұл қауіп төнген немесе төтенше жағдай туындаған жағдайда барлық шұғыл хабарламаларды жібермес бұрын халықтың назарын аудару үшін берілетін ескерту сигналы. Егер сіз сиренаның дыбысын естіген болсаңыз, дереу теледидарды немесе радионы қосуыңыз керек, сондай-ақ ШҚО ТЖД әлеуметтік желілерінің ресми парақшаларын, "Дәрмен" қосымшасындағы хабарламаларды және "112" қызметінің SMS хабарламаларын қадағалауыңыз қажет, - деп хабарлады ШҚО ТЖД.