ШҚО-дағы республикалық автожол уақытша жабылды
Казачье ауылынан Абай облысының шекарасына дейінгі жолда таңғы 09.40-тан 18.00-ге дейін барлық көлік түрлері үшін шектеу енгізілді

Фото:
Устинка LIVE
Оған ауа райының бұзылуы себеп, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
Ауа райына байланысты республикалық маңызы бар келесі автожолдарда көліктің барлық түрлері үшін қозғалысқа уақытша шектеу енгізілді.
Абай облысы:
- "ҚХР шекарасы - Майқапшағай - Зайсан - Қалбатау - Семей - Павлодар - РФ шекарасы" автожолының 587-906 шақырым аралығы (Павлодар облысының шекарасынан Қалбатау ауылына дейін);
- "Семей - РФ шекарасы" автожолының 2-113 шақырым аралығы (Семей қаласынан РФ шекарасына дейін);
- "Өскемен - Семей" автожолының 103-198 шақырым аралығы (Шығыс Қазақстан облысының шекарасынан Семей қаласына дейін).
Шығыс Қазақстан облысы:
- "Өскемен - Семей" автожолының 12-103 шақырым аралығы (Казачье ауылынан Абай облысының шекарасына дейін).
Павлодар облысы:
- "ҚХР шекарасы - Майқапшағай - Зайсан - Қалбатау - Семей - Павлодар - РФ шекарасы" автожолының 525-587 шақырым аралығы (Аққулы ауылынан Абай облысының шекарасына дейін).
Жолды 2026 жылғы 23 ақпан сағат 18.00-де ашу жоспарланған.