ШҚО жолдарында көлік қозғалысына шектеу қойылды
Бүгін Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Ұлытау, Абай, Жетісу, Қарағанды және Павлодар облыстарының кей жерлерінде қар мен боран күтілуде

Фото:
pixabay
19 ақпан сағат 12.00-де ауа райының бұзылуына байланысты ШҚО-дағы республикалық маңызы бар келесі автожолдарда кей көлік түрлерінің жүруіне шектеу қойылды, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
Шығыс Қазақстан облысында тіркемесі және жартылай тіркемесі бар жүк көліктерінің қозғалысына уақытша шектеу енгізіледі:
- "Алматы – Талдықорған – Өскемен – Шемонаиха – РФ шекарасы" автожолының 1013-1062 шақырым аралығы (Абай облысының шекарасынан "Рубеж" бекетіне дейін);
- "Өскемен – Семей" автожолының 12-45 шақырым аралығы (Казачье ауылынан Таврия ауылына дейін);
- "Өскемен – Семей" автожолының 48-103 шақырым аралығы (Таврия ауылынан Абай облысының шекарасына дейін).
Біздің Telegram арнамыздағы ең маңызды нәрселер
Тақырыптар:
ШҚО 19 ақпан Көлік қозғалысына шектеу қойылды