Өскемен
Бұлтты
+3°
  • Өскемен
    +3°
  • Семей
    -2°
  • Алматы
  • Риддер
    -5°
  • Астана
    -10°
  • Ақтөбе
    -15°
  • Ақтау
    -1°
  • Атырау
    -8°
  • Қарағанды
    -5°
  • Көкшетау
    -14°
  • Қостанай
    -16°
  • Қызылорда
    -5°
  • Павлодар
  • Петропавловск
    -16°
  • Тараз
    +1°
  • Түркістан
    +2°
  • Орал
    -17°
  • Шымкент
$
495.1
-3.55
583.72
-5.34
¥
71.33
-0.51
6.46
-0.03
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

ШҚО фермерлері әр жоғалған мал үшін мемлекеттік субсидияны қайтарады

Облыс басшысы мемлекеттік субсидиялар есебінен сатып алынған мал басына қатаң бақылау орнатылуы тиіс екенін ерекше атап өтті

Усть-Каменогорск и ВКО / ШҚО фермерлері әр жоғалған мал үшін мемлекеттік субсидияны қайтарады
Фото:
pixabay

Кейбір шаруашылықтарда малға тиісті күтім жасалмаған, ал кейбіреулері етке өткізіп жіберген, деп хабарлады Устинка LIVE тілшісі. 

Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінде агроөнеркәсіп кешенін дамыту мәселелері талқыланған жиналыс өтті. Соның барысында мал шаруашылығындағы инвестициялық жобалар мен мемлекеттік қолдаудың тиімді пайдаланылуын бақылауға баса назар аударылды.

Кеңесте айтылғандай, өңірде 17 инвестициялық жобадан тұратын пул қалыптастырылған. Оның ішінде жеті тауарлы-сүт фермасы және он бордақылау алаңы бар.

Инвестициялық жобаларды ветеринариялық сүйемелдеуге ерекше көңіл бөлу ұсынылды. Облыс әкімі атап өткендей, 

Малды емдеу және вакцинациялау мәселелері формальды түрде емес, әр инвестициялық жобаның міндетті бөлігі болуы тиіс, - деді ШҚО әкімі Нұрымбет Сақтағанов. - Алдын ала қандай препараттармен, қандай мерзімдерде және қандай схемалар бойынша ветеринариялық қауіпсіздік қамтамасыз етілетіні нақты айқындалуы қажет. Сонымен қатар, аудандардың табиғи ерекшеліктерін де ескеру маңызды. Себебі малды жайылымға шығару мерзімі әр жерде әртүрлі, бұл вакцинация кестесіне және ветеринариялық препараттарды жеткізу уақытына тікелей әсер етеді.

Шығыс Қазақстан облысының әкімі инвестициялық жобаларды сүйемелдеуге жауапкершілік тек жауапты басқармаға ғана емес, қала және аудан әкімдіктеріне де жүктелетінін атап өтті. Яғни, жергілікті атқарушы органдар ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге барлық қажетті құжаттарды рәсімдеуде, оның ішінде бордақылау алаңдарына тіркеу нөмірлерін алуда жедел көмектесіп, толық әкімшілік қолдау көрсетуі тиіс.

Жиын барысында "Ауыл Аманаты" бағдарламасы да сөз етілді. Облыс әкімдігінде бұл бағдарлама шаруалар үшін ең тиімді әрі болашағы зор деп бағаланады. Осыған байланысты жергілікті жерлерде түсіндіру жұмыстарын күшейту қажеттігі айтылды. Фермерлер бағдарламаның артықшылықтары мен ауыл шаруашылығы өнімін өндірушілерге беретін жаңа мүмкіндіктерін нақты түсінуі керек.

Аймақ басшысы мемлекеттік субсидиялар есебінен сатып алынған мал басына қатаң бақылау орнатылуы тиіс екенін ерекше атап өтті. Ауыл шаруашылығы басқармасының мамандары облыстың барлық аудандарына барып, фермерлерге негізгі талапты түсіндірді: субсидияланған мал кемінде екі жыл бойы сақталып, мақсатты түрде пайдаланылуы қажет.

Тексеру барысында бірқатар мәселе анықталды. Кейбір шаруашылықтарда малға тиісті күтім жасалмаған, ал жекелеген жағдайларда жануарлар етке өткізілген болуы мүмкін. Мұндай фактілер анықталған жағдайда берілген мемлекеттік субсидиялар бюджетке қайтарылуы тиіс.

Облыс әкімі агроөнеркәсіп кешенін мемлекеттік қолдау жалғасатынын, алайда ол формальды сипатта емес, саланың нақты дамуына бағытталуы тиіс екенін жеткізді.

Следующая →
Біздің Telegram арнамыздағы ең маңызды нәрселер
Тақырыптар: ШҚО Мал шаруашылығы Мемлекеттік субсидия