Өскеменде қоқыс жинауға әуес адамның пәтерінен өрт шықты
Өрт бүгін таңертең Әуезов даңғылы, 49Б мекенжайындағы үйдің үшінші қабатында орналасқан пәтерден шыққан

Фото:
ШҚО ТЖД баспасөз қыметінен
Қазір өрт сөндірушілер жалынды өшіруге кіріскен, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
ШҚО ТЖД мәлімдегендей, оқиға орнына жеткен құтқарушылар автожол сатысын орнатып, түтін будақтаған бөлмеге кірді. Өрт үй ішіне үйілген қоқыстың тұтануынан туындаған.
Зардап шеккендер туралы ақпарат 112-ге түскен жоқ.