ШҚО-да заңсыз такси қызметімен айналысқан азаматқа айыппұл салынды
Шемонаиха ауданының тұрғыны жеке кәсіпкер ретінде тіркелмей, кісі тасумен айналысқан

Полиция қызметкерлері "Қауіпсіз жол" республикалық жедел профилактикалық шарасы аясында заңсыз кәсіпкерлік фактісінің жолын кесті, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
Рейдтік тексерулер барысында Volkswagen маркалы автокөлігі тоқтатылды. Полицейлер көлік жүргізушісінің жеке кәсіпкер ретінде тіркелмей және такси қызметін көрсетуге тиісті рұқсат құжаттарынсыз жолаушыларды тасымалдаумен айналысқанын анықтады, - деп хабарлады ШҚО ПД баспасөз қызметі. - Кәсіпкерлік қызметпен тіркеусіз және арнайы рұқсатсыз айналысқаны үшін құқық бұзушыға қатысты ҚР ӘҚБтК-ның 463-бабы 1-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырылды.
Полиция заңсыз тасымалдау салық заңнамасын бұзып қана қоймай, жолаушылардың қауіпсіздігіне де қатер төндіретінін ескертеді. Өйткені мұндай жүргізушілер рейс алды медициналық тексеруден, ал көлік құралдары тиісті техникалық байқаудан өтпейді.