ясно
°
$
503.35
590.63
¥
72.28
6.62
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемендіктерден аула жөндеу, ойын алаңын салуға өтінімдер қабылдануда

Облыс орталығында 20 қаңтардан бастап "Халық қатысатын бюджет" бағдарламасы бойынша 2027 жылға жобаларға өтінім қабылданып жатыр

Усть-Каменогорск и ВКО / Өскемендіктерден аула жөндеу, ойын алаңын салуға өтінімдер қабылдануда
Фото:
Устинка LIVE

Өтінімді қала әкімінің ресми сайтында қалдыруға болады. Бір жыл ішінде және 64 875 000 теңгеден аспайтын сомаға жүзеге асыруға болатын жобаларға басымдық беріледі, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.

Естеріңізге сала кетсек, "Халық қатысатын бюджет" бағдарламасы Өскеменде 2020 жылы енгізіліп, бірнеше аула абаттандырылып, ойын және спорт алаңдары жаңартылды.

Өтінім қабылдау 1 наурызда тоқтатылады. Өтінімді әрбір тұрғын жеке немесе бастамашылар тобы бере алады, Ең бастысы, ұсынысты басқа меншік иелері өздерінің электронды қолтаңбасы арқылы қолдауы керек. Қол қойғандар неғұрлым көп болса, жобаның іріктеуден өтіп, бюджеттен қаржыландырылу мүмкіндігі де соғұрлым жоғары.

"Халық қатысатын бюджет" бағдарламасы аясында тұрғындар өздерінің мынадай жобалық ұсыныстарын жібере алады:

  • аумақты көгалдандыру;
  • тротуарларды жайластыру;
  • тротуарларды, пандустарды, арықтарды салу және жөндеу;
  • ортақ пайдаланылатын орындарды (саябақтар, скверлер, жаяу жүргіншілер аймақтары, көшелер және өзге де объектілер) құру, жөндеу және жарықтандыру;
  • бордюрлерді, төсеніштерді, тіреу қабырғаларын жөндеу;
  • полигондарды жою;
  • жалпы пайдаланымдағы орындарда балалар ойындары мен ересек тұрғындардың демалуы үшін беседка, орындық, урна, жабдықтар мен конструкцияларды орнату және жөндеу;
  • аула аумақтарында және жалпы пайдаланылатын жерлерде спорттық (тренажер алаңдарын, футбол, баскетбол, волейбол алаңдарын), балалар ойын алаңдарын орнату, жөндеу және жарықтандыру;
  • санитарияны қамтамасыз ету.

Өскемен аумақтық басқару орталығының филиалдары егжей-тегжейлі кеңес беріп, өтініштерді өңдеу бойынша көмек көрсетеді.

Следующая →