Тоғызқұмалақтан ШҚО чемпионаты басталды
Өскеменде ерлер мен әйелдер арасында өтіп жатқан жарыс жеңімпаздары республикалық чемпионатқа жолдама алады

Сайысқа Ұлан, Зайсан, Самар аудандарының тоғызқұмалақшылары келген, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
Турнирге қатысушылардың деңгейі жоғары: зияткерлік ойында 1 спорт шебері, 12 спорт шеберіне кандидат және 1-ші разрядты 15 ойыншы бақ сынауда. Ерлер арасында 16 қатысушы, ал әйелдер арасында 12 қатысушы тіркелген.
Өз санаттары бойынша 1 және 2-орын алған спортшылар ақпан айында өтетін республикалық чемпионатта Шығыс Қазақстан облысының намысын қорғайды.